#Рамазан2026: Облыстық мешітте «Менің алғашқы оразам» шарасы өтті
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің конференция залында «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімі және «Ғаламтор» секторының ұйымдастыруымен «Менің алғашқы оразам» шарасы өтті.
Шараның басты мақсаты — ораза ұстаудың мән-маңызы мен түпкі ниетін түсіндіріп, Құран түскен қадірлі айдың құндылығын насихаттау. Осы тұрғыда РАТТ мүшесі, баспасөз хатшы, «Бақытжан» мешітінің ұстазы Ақтолқын Тажикова жамағатқа оразаның парыз болуының хикметтері мен тарихына тоқтала өтіп, оның сауабы мен рухани кемелдікке жеткізер мектеп екендігін атап өтті.
Одан өзге тақырып аясында жиналған көпшілік алғашқы рет ұстаған оразалары туралы ортаға салып, сезінген рухани әсерлерін ғибрат ретінде айтып беріп, ой бөлісті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































