#Рамазан2026: «Досжан хазірет» мешіті балаларға «Рамазан тәттісін» сыйлады
Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ-сы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтөбе қаласындағы «Досжан хазірет» мешітінің ұстазы Ақжарқын Жилисбаеваның ұйымдастыруымен «Рамазан тәттісі» акциясы аясында мешіт жамағатының балаларына тәттілер таратты.
Шараға аталған мешіттің бас имамы Шынболат Үмбетов қатысып, бүлдіршіндерге тәттілер табыстады.
Бас имам Рамазан айымен құттықтап, шараның мақсаты – қасиетті Рамазан айының қадір-қасиетін жас ұрпаққа түсіндіру, балалардың жүрегіне мейірім мен қайырымдылық сезімін ұялату, қоғамда ізгілік пен қамқорлық мәдениетін насихаттау екенін айта келе, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, Рамазан айының рухани әрі тәрбиелік мәнін дәріптеу, - деп тілге тиек етті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































