Ақтөбе: Дәстүрлі уағыз дастарханы ұйымдастырылды 1471

Ақтөбе: Дәстүрлі уағыз дастарханы ұйымдастырылды

29 наурыз 2022 343 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, «Жаңақоныс» ауылындағы «Бақытжан» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен кезекті айлық дастархан жиыны өтті. 

Басқосуда облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстаздары Айнұр Мырзабаева, Гүлмайра Тұрлыбекова, Ардақ Бағдалқызы «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «Имандылық – инабаттылық бастауы», «Салиқалы әйелдің сипаты» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.

Қала мешіттерінің әйел жамағатын қамтып, діни сауаттандыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға 30-ға жуық ақжаулықты әжелер мен қыз-келіншектер қатысты.

Одан өзге шара соңында Рамазан оразасы тақырыбында сұрақ-жауап ұйымдастырылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі