#Рамазан2026: Ерекше аналарға арналған рухани кеш өтті 6042

#Рамазан2026: Ерекше аналарға арналған рухани кеш өтті

07 наурыз 2026 39 Оқу 1 минут

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе облысы өкілдігінде «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен «Hira Karak & Coffee» дәмханасында ерекше аналарға арналған рухани кеш өтті. 

Аталған шарағп мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларды тәрбиелеп отырған 30-ға жуық ата-ана мен олардың балалары қатысты.

Кеш барысында қонақтарға арнайы ауызашар беріліп, Рамазан айының қадір-қасиеті мен сабырдың, мейірімділіктің маңызы туралы насихат айтылды. Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың, әсіресе аналардың төзімі мен еңбегі зор құрметке лайық екендігіне тоқталды.

Кеш барысында балаларға ерекше көңіл бөлініп, ата-аналарға алғыс айтылды. жылы лебіздер білдіріліп, Мұндай игі кездесулер қоғамдағы жанашырлық пен мейірімділікті арттырып, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға рухани қолдау көрсететіні анық.

Ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын) «Адамдардың ең жақсысы – адамдарға ең пайдалы болғаны» (Муснад Ахмад) деген.

Сауабы мол игі істің атсалысқан әр жанға Алла Тағала разы болсын!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі