#Рамазан2026: «Бір күнде бір мұқтажға көмек» акциясы аясында қайырымдылық шарасы өтті
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес «Бір күнде бір мұқтажға көмек» акциясы аясында қайырымдылық шарасы өтті.
Ақтөбе қалалық орталық мешіті имамдарының ұйымдастыруымен өткен игі шара барысында 5 баласы бар жалғыз басты анаға қаржылай көмек көрсетіліп, азық-түлік себеті табысталды. Сонымен қатар тағы да бірқатар мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестіріліп, қасиетті айда оларға қолдау көрсетілді.
Рамазан айында ұйымдастырылып жатқан бұл игі бастама қоғамда мейірім мен жанашырлықты арттыруға бағытталған. Мешіт ұжымы алдағы уақытта да қайырымдылық шараларын жалғастырып, көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































