Хромтау: Бас имам ауылда тарауих намазын өткізді 1527

Хромтау: Бас имам ауылда тарауих намазын өткізді

12 сәуір 2022 150 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы Бөгетсай ауылындағы «Ақ-Нұр» мешітінде тарауих намазын өткізіп, жамағатпен жүздесті. 

Бас имам жамағатқа уағыз айтып, мешітке келген жастарды діни білімді болуға шақырды. Сонымен қатар аудандық орталық «Нұр» мешітінің инстаграм парақшасының бар екендігін айтып, аталған парақшада тек дін мамандары насихат жүргізетіндігін алға тартты.

Одан өзге мешітке келген жамағаттың әрдайым ауызбіршілікте болу керек екенін айтты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі