«Әл-Латиф» мешітіне жаңа имам тағайындалды 4879

«Әл-Латиф» мешітіне жаңа имам тағайындалды

27 қыркүйек 2025 357 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ақтөбе қаласындағы «Әл-Латиф» мешітіне жаңа имам болып Рүстембек Аманғосов тағайындалды.

Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әли жұмаға жиналған жамағатқа Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді. Жаңадан тағайындалған имам Рүстембек Аманғосовты таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Осы уақытқа дейін «Әл-Латиф» мешітінің имамы қызметін атқарған Қанат Қасымовқа ризашылығын білдірді.

Рүстембек Аманғосұлы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сарбие ауылында дүниеге келген. 2016-2019 жылдары Ақтөбе» медресе-колледжінің «Исламтану» мамандығын бітірген. Үйленген.

Еңбек өтілі

2019 жылы Ақтөбе қаласы, Жаңақоңыс ауылындағы «Бақытжан» мешітінің наиб имамы, 2021 жылдан 2025 жылдың 26 қыркүйек айына дейін Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы қызметін атқарды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі