Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті 1066

Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

06 қараша 2021 234 Оқу 1 минут

Хромтау ауданындағы «Нұр» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Қасиетті жұма күні жүзеге асқан іс-шара барысында әйел жамағаты мен қайырымды жандардың өз қолдарымен пісірілген түрлі тағам түрлері мен тәттілер, сондай-ақ түрлі қолөнер бұйымдары сатылды.

Жұма намазына келген жамағат игі шараға белсенді түрде атсалысып, садақаларын беріп, ұйымдастырушыларға қолдау білдірді.

Айта кетейік, Қажет Гүлдана Маратқызының еміне қаржы жинау мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеден түскен 128.175 теңге толығымен ата-анасына аударылды.

«Жамағат жәрдемінің арқасында бір адамның мұқтаждығының өтелуі – сауапты әрі қайырлы іс. Осындай ізгі шаралар арқылы адамдар арасында мейірімділік артады. Алдағы уақытта да осындай қайырымдылық шаралары жүйелі түрде өткізіліп тұратын болады» - деді Хромтау аудандық "Нұр" мешітінің Бас имамы Ерік Қонақбайұлы.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі