#Рамазан2026: «Бір күнде бір мұқтажға көмек» жобасы аясында  3 отбасыға зекет үлестірілді 5989

#Рамазан2026: «Бір күнде бір мұқтажға көмек» жобасы аясында 3 отбасыға зекет үлестірілді

26 ақпан 2026 34 Оқу 1 минут

ҚМДБ бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес, Ақтөбе облысы өкідігінде «Бір күнде бір мұқтажға көмек» жобасы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінде зекет үлестірілді.

Қаланың бас имамы Алмат Әлидің ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен 3 отбасыға 50 000 теңгеден, жалпы 150 000 теңге көлемінде зекет қаражаты табысталды.

Игі шараның мақсаты – қасиетті айда мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі