ЖШС «Айс-Плюс» сүт өндірісінің «QMDB Halal» сертификаты жаңартылды
Ақтөбе қаласында орналасқан ЖШС «Айс-Плюс» сүт өндірісі кәсіпорнының «QMDB Halal» сертификаты кезекті рет жаңартылды.
«Халал Даму» ұйымының технологтары Гүлмира Маратқызы мен Ақмаржан Ержанқызы кәсіпорын аумағында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, өндіріс процесі мен дайын өнімдердің халал стандарттарына толық сәйкестігін растады.
Бұл жаңарту кәсіпорынның өнім сапасын арттыруға, тұтынушылар сенімін нығайтуға және халал талаптарын тұрақты сақтау бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі








































