Имамдар тыл ардагерлерін мерекемен құттықтады
Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің ұйымдастыруымен имамдар Жеңіс күніне орай Заречный-3 елді мекеніміздегі тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтады.
«Еліміздің ең елеулі мерекелерінің бірі. Болашақ ұрпақтың бостандығы мен бақыты үшін соғыстағы майдангерлердің және тылда еңбек еткен азаматтардың жасаған ерліктері мәңгі жадымызда сақталады» деді мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлы.
Сонымен қатар Құран оқып, ел тыныштығы мен боздақтар рухына дұға жасалды. Ардагерлер ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен имамдарға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі















































