Облыстың Бас имамы Амантай Садиев Ырғыз аудандық тарихи өлкетану музейіне барды
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Ырғыз ауданына барған жұмыс сапары аясында аудандық тарихи өлкетану музейіне барды
Облыстың Бас имамы Ырғыздың көрнекті тұлғаларының фотосуреттері, өмірбаяны деректері ілінген залмен танысты.
Жалпы аудандық тарихи-өлкетану музейі қорындағы экспонат минерология, палентология, ботаника, тұрмыс пен этнография, қолөнер мен сәндік бұйымдар, деректі құжаттар, фотоматериалдар коллекцияларынан құралғандығына шолу жасады.
Облыстың Бас имамы музей ұжымына алғысын білдіріп, арнайы ізгі тілектер кітабына қолтаңбасын қалдырды.
Айта кетсек, музей қорында 4133 жәдігер сақталған. «Мұрагер» және «Үкілім» клубы қосымша жұмыс атқарады. «Мұрагер» клубы музейде өткізілетін шараларға белсене қатысып, жасақталатын экспозицияларға өз пікірлері мен ақыл-кеңестерін айтып отырады. Сонымен қатар конференцияларға, танымдық шараларға баяндамаларын ұсынады. Ал «Үкілім» клубы мектеп оқушыларына қазақ халқының мәдениеті, ұлттық дәстүрлері туралы, қыз балаға тән имандылық, сыпайылық, туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі



















































