#Рамазан2026: Мұғалжарда мешіт азаншысына автокөлік уақып етілді
Бүгін қасиетті жұма күні Рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қалалық «Қадырәлі ата» мешітінде азаншы Абзал Абдулхакимге автокөлік уақып етілді.
Ауданның Бас имамы Мұхаммедисмаил Шадман жұма намазға жиналған жамағаттың алдында автокөлік кілтін табыстады.
Асыл дінімізде қайырымдылықтың ең абзалы – уақып. Шариғатта «уақып» белгілі бір мүлікті жарамсыз болғанға дейін Алла жолында тұрақты түрде пайдалану мақсатында арнау дегенді білдіреді.
Уақып қылып автокөлік табыстаған кәсіпкерге ауданның Бас имамы Алланың сауабы үзілмей барып тұрсын деп тілегін айтып, кәсібіне береке және адалдық тілеп алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі











































