1 Сафар
Ғаламтор желісіндегі дін бейнесі 4529

Ғаламтор желісіндегі дін бейнесі

20 мамыр 2025 240 Оқу 1 минут

Ойыл ауданының Бас имамы, Жастар секторының Ойыл ауданы бойынша өкілі, Қызырұлы Бақжарық «Жат діни ағымдардың қоғамға тигізер залалы» тақырыбында кәсіптік колледждің студенттеріне кездесдесті.

Кездесу барысында ауданның Бас имамы «Желідегі насихат және жастардың діни ізденісі. Ғаламтор желісіндегі дін бейнесі (қарсы насихат)» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.

«Зайырлы мемлекет дінсіз болу дегенді білдірмейді. Оның үстіне қазақ халқы тарихтан мұсылманшылықпен қаншалықты берік біте қайнағанын көруімізге болады» деді Қызырұлы Бақжарық.

Сондай-ақ қазіргі заманғы әлеуметтік желілер қосымшаларды қоса алғанда, жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы тарап жатқан экстремистік және террористік идеяларының әлеуметтік желілер, кітаптар, журналдар, аудио-бейнежазбалар арқылы белсенді насихаттайтын топтар және олардан сақтану жолдары жайлы кеңінен түсіндірілді.

Кездесу қортындысында колледж студенттері бас имаммен пікір алмасты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі