18 Жумад ас-сәни
"Бақытжан" мешіті әйел жамағатына арналған "Мінсіз Мухаммад" атты рухани кеш өтті 3186

"Бақытжан" мешіті әйел жамағатына арналған "Мінсіз Мухаммад" атты рухани кеш өтті

04 ақпан 2024 437 Оқу 1 минут

"Бір айда бір кітап" айдары бойынша "Мінсіз Мухаммад" кітабы бір ай көлемінде оқылып, талқыланып, қорытындылады.

Пайғамбар (Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын) өмірбаянын оқу, сүннетіне еру, салауаттар арнау - мұсылманның иманының кәміл көрінісі. Адамзаттың абзалы, Пайғамбарлардың имамы, күллі мұсылманның Ұстазы, Алла алдындағы адамзат ішінен дәрежесі биік екі дүние сардарының өмірбаянын оқып, оған амал ету әрбіріміздің міндетіміз.

Пайғамбар өмірімен танысу Алла Елшісіне деген махаббат пен құрметімізді арттырары сөзсіз.

Бұл рухани кеште ұстаз А. Қойшығұлова "Пайғамбар өсиеті" атты тақырыпта жиналған қауымға уағыз-насихат айтып, Пайғамбар сүннетімен жүрудің қажеттілігі, оның ішінде Пайғамбардың ең үлкен сүннеттері - Құран оқу, жаттау, амал ету және де көркем мінезділікке өзін тәрбиелеудің жолдары туралы айтып өтті. Сонымен бірге "Бақытжан" мешіті шәкірттері ұяшықтарды таңдау арқылы кітаптан оқып-білген Адамзаттың асылының тұлғалық ерекшеліктері, қолданған бұйымдары, көркем мінезі мен әдептері тереңірек тоқталып өтті. Түрлі қызықты тапсырмалар мен танымды ойындар арқылы Пайғамбардың ғұмыры мен Пайғамбарлық кезең еске түсіріліп, қайталанды. Шәкірттердің орындауындағы өлеңдер мен "Досым жайлы хат" көріністері де жүректі тербетпей қоймады.

"Сүннетпен өткен бір күнім" есеп тапсырмасы орындалып, сүннеттер жаңғыртылды.

Кеш Аллаға мадақтар, Пайғамбарға салауаттар айтып қорытындыланды.