Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Ислам тарихы» пәні ерекше форматта өтті 2387

Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Ислам тарихы» пәні ерекше форматта өтті

28 қаңтар 2023 150 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітітінің ұстазы Айнұр Мырзабаева шәкірттеріне «Ислам тарихы» пәнінен «Уағыз-шай» форматында дәріс өткізді.

Аталған дәріс қаңтар айынан басталды. Әр жұма күні өтеді.

Дәріс Омар-әл Фаруқ (р.а) өмірі мен қадір-қасиеті, һижра жылының бекітілуі, аталған кезеңдегі соғыстар,Омар (р.а) өмірден өтуі жайлы болды.

Ерекше форматта өткен «Ислам тарихы» сабағында шәкірттер арасында спикерлер сайланып, үйге берілген тапсырма бойынша сабақты баяндады. Сонымен қатар Омар (р.а) жайлы ақпараттар айтылып, сұрақ-жауап айдарымен аяқталды.

60 минутқа қамтылған дәріске 30-дан аса шәкірт белсене қатысты.

Еске сала кетсек, «Ислам тарихы» пәніне қатысушылардың саны күн санап артуда.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі