Ақтөбе: Әйел жамағаты құрбан айт мерекесін тойлады 1914

Ақтөбе: Әйел жамағаты құрбан айт мерекесін тойлады

11 шілде 2022 175 Оқу 1 минут

Бүгін облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсындағы шәкірттер құрбан айт мерекесін тойлады.

Іс-шара барысында шәкірттердің білімін пысықтап тексеру мақсатында түрлі ойындар ойнатылды. Сонымен қатар құрбан айттың тарихына жіті тоқталып, баяндалды.

Аталған шараға 30 шақты шәкірт қатысып, белсенділік көрсетті.

Шара қортындысында шәкірттерге мешіт асханасында дастархан жайылып, айтқа сыйлықтар табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі