#Рамазан2026: «Қабақ баба» мешітінде «Бас имам» сағаты ұйымдастырылды 6012

#Рамазан2026: «Қабақ баба» мешітінде «Бас имам» сағаты ұйымдастырылды

02 наурыз 2026 15 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес «Қабақ баба» мешітінде «Бас имам» сағаты ұйымдастырылды. 

Мешіттің имамы Нұрлыбек Молдабайұлы «Рамазан – тақуалық айы» тақырыбында насихат айтты.

Бұл ай сабыр мен шүкіршілікке, кешірім мен мейірімге үндейтіні айтты. Сондай-ақ «Намаз – діннің тірегі» екендігі насихатталып, намаздың адам өміріндегі тәрбиелік және рухани маңызы жан-жақты баяндалды.

«Бас имам» сағаты Рамазан айының рухани маңызын арттыру, жамағаттың діни сауатын кеңейту және ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында өтті. Жамағатты қасиетті айды барынша құлшылықпен, ізгі амалдармен өткізуге шақырады.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі