«Көшпелі уағыз-насихат керуені» жобасы аясында жұма насихаты
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Көшпелі уағыз-насихат керуені» жобасы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбетұлы Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітіне, ал Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Мырзабек Хамитов қаладағы «Анашым» мешітіне арнайы барып, жұма насихатын айтты.
Имам мен ұстаз жұма намазына жиналған жамағатқа «Алланы көріп тұрғандай құлшылық жасау» тақырыбында тағылымды уағыз айтыр, ихсан ұғымының мәні, құлшылықтағы ықылас пен шынайылықтың маңызы, әрбір мұсылманның барлық ісінде Алла Тағаланың бақылауында екенін сезініп өмір сүрудің рухани пайдасы кеңінен насихаттады.
Сонымен қатар жүрек тазалығы, көркем мінез, ықыласты ғибадат және ихсан дәрежесіне ұмтылудың мұсылман өміріндегі орны жөнінде маңызына тоқталды.
Аталған жоба аясындағы көшпелі уағыз-насихат жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































