#Рамазан2026: Алғыс айту күніне орай ауызашар ұйымдастырылды
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес алғыс айту күніне орай Қобда аудандық «Шәріп молда» мешіті 120 адамға ауызашар берді.
Іс-шара аудан орталығында «Бауыржан» мейрамханасында ұйымдастырылды.
Ауызашарға ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар арнайы шақырылды.
Ауданның бас имамы Абай Шымболатов үлкендерге шынайы алғысын айтып білдіріп, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар Рамазанның қадір қасиеті туралы насихат айтты. Ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымыз жастарды рамазан айымен құттықтап баталарын берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































