«Хәкім Абай және Ихсан тағылымы» атты семинар өтті 5323

«Хәкім Абай және Ихсан тағылымы» атты семинар өтті

19 тамыз 2025 2 Оқу 1 минут

Хәкім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласындағы «Кенесары хан» мешітінде «Хәкім Абай және Ихсан тағылымы» атты рухани-танымдық семинар ұйымдастырылды.

Игі шараға Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы, қалалық найб имамдар, бөлім жетекшілері және аудан бас имамдары қатысты.

Семинарда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің докторанты, абайтанушы жас ғалым Исабек Әзімхан Үсенұлы мен абайтанушы-магистр Самат Сапарханұлы арнайы дәріс оқыды.