«Әл-Латиф» мешіті: Кілем жаңартылып, күрделі жөндеу жұмыстары жасалды 4886

«Әл-Латиф» мешіті: Кілем жаңартылып, күрделі жөндеу жұмыстары жасалды

29 қыркүйек 2025 82 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласында «Әл-Латиф» мешітінде осыған дейінгі бас имам болған Қанат Қасымовтың бастамасымен жамағат мешітке ішкі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, кілемін жаңартты. 

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет 2025 жылды «Ислам және отбасы» құндылығы деп бекітіп, осы жыл аясында барлық мешіттерді қазақы үлгіге сай жабдықтауды тапсырған болатын. Осы тұрғыда «Әл-латиф» мешітінің кілемі де он жылдан кейін қазақы үлгіде жаңартылды.

Жаңа кілемді Түркістан қаласынан тапсырыспен алдыртып, жамағат көмек қолын созып, кілемді жаюға ат салысты.

Жаратушы Иеміз қасиетті Құранда: «Сендер игілік жолында не сарп етсеңдер де, Алла оның орнын толтырады. Ол – ризық берушілердің ең қайырлысы» («Сәбә» сүресі, 39-аят) деп мұсылманды ізгі істер жолында мал жұмсауға құлшындырған.

Дінімізде Алланың мейіріміне бөлейтін, Оған жақындататын ізгі амалдар көп. Соның бірі – дін жолында дүние жұмсау. Аталған сауабы мол игі іске ат салысқан әр жанға Алла Тағала разы болсын!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі