Шалқар ауданы, Бегімбет ауылдық "Бегімбет" мешітінде Құрбан айт мерекесі аталып өтті 3422

Шалқар ауданы, Бегімбет ауылдық "Бегімбет" мешітінде Құрбан айт мерекесі аталып өтті

16 маусым 2024 346 Оқу 1 минут

"Бегімбет" мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен айт мерекесіне орай балаларға 300 балмұздақ таратылып, Бегімбет - Шалқар бағытында тегін таксилер жұмыс жасады. 

Сондай-ақ, ұлттық ойынды насихаттау мақсатында қошқар көтеру, гір көтеру, қол күрес, арқан тартыс, асық ату жарыстары өтті.

Одан өзге 2 сиыр мен 10 қой құрбандыққа шалынып, мұқтаж отбасыларға таратылды.