Рамазан түсірілімдері басталды 4210

Рамазан түсірілімдері басталды

20 ақпан 2025 116 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Мұнара» арнасының Рамазан айына арналған бағдарламаларының түсірілімі басталды. 

«Рамазан – ізгілік айы» бағдарламасының тарауих намазы және сауабы туралы хабарға РАНТ мүшесі, Ақтөбе қаласының Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы мен ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшесі, философия ғылымының докторы, профессор Бекежан Аханұлы қатысты.

Бас имам тарауих намазын толық түсіндірсе, философия ғылымының докторы Рамазан айында орын алған өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Алғаш ұстаған оразасы мен тарауих намазы туралы айтып өтті.  

Ал «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасының «Ораза – жанның азығы, тәннің шипасы» атты тақырыпқа арналған хабарына Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов қатысып, көрермендерден келген Рамазан айына байланысты сұрақтарына жауап берді. Он екі айдың сұлтаны ұлықталған шығарылым болды.

Одан өзге "Жұмадағы жүздесуде" нутрициолог Арина Нугманов «Ораза кезінде қалай тамақтану керек?» тақырыбында ауызашар мен сәреде дұрыс  тамақтану туралы айта келе, ағзаға салмақ және зиян түсірмей туралы кеңестерін айтты.

Айта кетсек, аталған бағдарламаларды жүргізген РАТТ мүшесі, журналист, дін маманы Ақтолқын Тажикова. Студияның ашылғанына биыл үшінші жыл.

Сұхбаттарды Рамазан айында "Мұнара" арнасынан көре аласыздар. 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі