Әжелер арасында «БАТА жарысы» өтті 3927

Әжелер арасында «БАТА жарысы» өтті

19 қараша 2024 355 Оқу 1 минут

"Бақытжан" мешітінде ақ жаулықты әжелер арасында "Бата жарысы" ұйымдастырылды. "Баиамен ел көгерер, Бата бақытқа жетелер" тақырыбында ұйымдастырылған бұл жарыстың мақсаты: салт-дәстүрді жаңғырту, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, қариялардың өнеге көрсеиуі еді. Бұл шара 50-ден астам әйел жамағатын қамтыды. Жарысқа "Бақытжан" мешіті әжелерімен қоса Ақтөбе қаласынан, Қаедыағаш, Алға қалаларынан әжелер кеп қатысты. Шара басынан бастап жастар жағы әжелердің ақ батасын қолдврын жайып отырып алды.

Жврыс 2 кезеңнен тұрды.

1- кезең: "Асқа -берекет, азға-қанағат" Дастарханға айтылатын бата болса;

2-кезең: "Батасыз құл арымас" Ұрпаққа, елге арналған бата болды .

Жарысқа төрелік етуге көпті көрген қариялар, абзал аналар Бибіхадиша әжей мен Шәмшия әжей, Ақтөбе "әйел-қыздар" жетекшісі Қушқарова Кенжегүл шақырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Шарада мешіт шәкірттері домбырамен әуелетіп күй тартып, мақал-мәтелдерден білімін сынға салып, әжелерге арналған әдемі жырды тарту етті.

"Бақытжан" мешітінің бірлігі жарасқан жамағаты ақ жаулықты әжелерге арнап ұлттық асқа толған дастархан жайды. Дастархан басында мешіт ұстазы Қойшығұлова Анар, сектор басшысы Қушқарова Кенжегүл "Батаның шығу тегі, бата, дұға берудің, алғыс айтудың абзалдығы, қарияларды, үлкенді сыйлау, ата-ана алдындағы борыш" туралы уағыз-нвсихат айтып өтті. Шараға жиналған жамағат Бата кешіне ризашылықтарын білдіріп, марқайып қайтты.