«Имандылық әліппесі» кітабы аясында жарыс өтті
Ақтөбе қаласында «Сүлеймен ата» мешітінде «Имандылық әліппесі» кітабы бойынша 16 жасқа дейінгі қыз балалар арасында жарыс өтті.
Аталған байқау әдеп; парыздар; Алланың көркем 99 есімі атты үш кезеңнен тұрды.
Сонымен қатар ата-ана алдындағы, бауырлар арасындағы әдеп, дәрет пен намаздың парызды сынды бірқатар сұрақтарға жауап берілді.
Жүлделі 1 орынды «Қабақ баба» мешітінің шәкірті Базарбаева Ұлдай иеленді. Ад 2 және 3 орынды орынды «Сүлеймен» ата мешітің шәкірттері Сражадин Асия мен Асель алды. Жеңімпаздарға кітаптар сыйлыққа беріліп, көрермендерге «Оразаға қатысты 200 сұрақ» атты кітапша таратылды.
Айта кетсек, «Имани жаз» атты жазғы сауат ашуға арналған лагерде «Имандылық әліппесі» атты кітап өтті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі