«QAMQOR-SHARAPAT» ЗИРАТЫ «Мұнара» телернасынан таныстырылды
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен осыдан бірнеше жыл бұрын ҚМДБ жанынынан «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығы ашылып, орталықтың әр облыста өкілдіктері ашылған болатын.
Ақтөбе облысы бойынша аталған бағытта жұмыстар жүргізіліп, Ақтөбе қаласы, Ақшат елдімекенінен 7 гектар жер бөлінді. Қазіргі таңда аталған орынға мұсылманша жерлеу жұмыстары жүргізілуде.
ҚМДБ «Мұнара» телеарнасының жерігілікті журналистері мен дін қызметкерлері Республикалық телеарнаға сұхбат беріп, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Жобаның негізгі мақсаты – қабір зияраты мәдениетін біріздендіру, шариғат талаптарына сай тәртіпті қалыптастыру және қоғамда рухани жауапкершілікті арттыру.
Сондай-ақ жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру, жаназа, ас беру кезіндегі дәстүр, әдеттерді жүйелеу, жерлеу рәсімінде діни қызметкер тарапынан атқарылатын діни рәсімдерден бастап мәйіт көмілген соң қабірге қойылатын құлпытастың шариғаттағы шарттары қандай болу керектігіне егжей-тегжейлі жұмыс жасайды.









































