Хромтауда сенбілік ұйымдастырылды 1545

Хромтауда сенбілік ұйымдастырылды

16 сәуір 2022 220 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің Бас имамы Ерік Қонақбайұлы облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасын қолдап, мешіт жамағатының қолдауымен сауабы мол сенбілік жұмыстарын ұйымдастарды.

«Тазалық — иманның жартысы» деген хадисті ту еткен қазақ қоғамында қоршаған ортаның тазалығына мән беріп, көңіл аудару әрбір мұсылман баласының борышы болып саналады. Осыны, терең түсінген мешіт жамағаттары «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей мешітте өткен игі шараны бір атаның баласындай бірлесе атқарды. Бұл мұсылман жамағаты үшін сауапты іс. Сенбілікке жиналған жамағатқа алғысымды білдіремін,»- деді ауданның бас имамы.

Тазалық — адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткіші екенін ескеріп, сенбілік жұмыстары өзгеде мешіттерде жалғасын тапса деген ниеттіміз.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі