«Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында 15 отбасыға азық-түлік табысталды
Шалқар ауданында ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының «Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында 15 отбасыға азық-түлік табысталды.
«Сынаққа сабыр ету – мұсылманның сипаты. Қиындыққа ешқашан мойымаңыздар. Отбасыларыңыздан елім, жерім дейтін салиқалы азаматтар өсе берсін»,-деп Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің азаншысы көпшілік қауымға жылы лебізін білдірді.
Игі шара аясында құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 15 отбасыға жалпы салмағы 150 кг құрайтын азық-түлік себеттерін үлестірді.
Шара барысында ҚМДБ-ның негізгі жұмыс бағыттарының бірі қайырымдылық екені аталып өтіп, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдірілді. Сондай-ақ қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.





































