«Пәтуа сағаты» Рамазан оразасы мәселелеріне арналды
Ақтөбе облыстық және облысқа қарасты қала, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары мен ұстаздары жамағаттың Рамазан айы оразасы мен осы айға қатысты қойған әр сұрағына толыққанды әрі тұшымды жауаптар берді.
Сауалдардың басым көпшілігі сырқат адамға ораза ұстауға бола ма?, ораза ұстамаған адамға тарауық намазын оқуға бола ма? ораза кезінде моншаға түсуге бола ма? Пітір садақа кімдерге беріледі? Ғұсыл мен дәреттің айырмашылығы қандай? деген сұрақтар.
Айта кетсек, Пәтуа сағаты әр жұма күні өкілдікке қарасты облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде өтеді.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі










































