«Елін сүйген жастар» атты рухани отырыс өтті
Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінде имам Нұрлыбек Дүйсеевтің ұйымдастыруымен дәстүрлі айлық рухани отырыс өтті.
Жиынға қатысқан жамағат пен жастарға ауызбіршілік пен ынтымақтың қоғамдағы орны, діни және зайырлы білім алудың маңыздылығы жөнінде тағылымды насихат айтылды. Сонымен қатар, қазақ халқының бай тарихын танып-білудің, ұлттық құндылықтарды қастерлеудің және Отанға адал қызмет етудің мәні кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында жастарды елін, жерін сүюге, ата-баба аманатына адал болуға, қоғамның дамуына үлес қосатын білімді, тәрбиелі әрі жауапты азамат болып қалыптасуға үндейтін ой-пікірлер айтылды.
Рухани кеш соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, еркін пікір алмасты. Жиын соңында елдің амандығы, жұрттың бірлігі мен берекесі үшін дұға жасалды.






































