Елімізде «Діни сарапшылар кеңесі» құрылады 1267

Елімізде «Діни сарапшылар кеңесі» құрылады

31 қаңтар 2022 106 Оқу 1 минут

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2022 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

«Елдегі діни ахуалды жақсарту және кейбір маңызды мәселелерге қатысты білікті сарапшылардың ұсыныс-пікірлерін алып, олардың кеңесіне жүгіну – маңызды қадам. Бұл ретте ҚМДБ жанынан «Діни сарапшылар кеңесін» құрамыз» деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.