«Жетім көрсең — жебей жүр» атты қайырымдылық акциясы өтті
"Әл-Ләтиф" мешіті мен «Құранға қызмет» еріктілер тобының ұйымдастыруымен «Жетім көрсең — жебей жүр» атты қайырымдылық акциясы аясында Үміт балалар үйіне арнайы іс-шара өткізілді.
Аталған шара барысында балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында түрлі сыйлықтар мен тәттілер таратылып, мейірім мен қамқорлық көрсетілді. Сонымен қатар, мекеме аумағын абаттандыру мақсатында ауласына 10 түп жеміс ағашы отырғызылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жетім балаларға жан-жақты қолдау білдіру, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ көпшілікті қайырымдылық істерге үндеу болып табылады.












































