Ақтөбеде «Әдеп кеңесі» құрылды 2692

Ақтөбеде «Әдеп кеңесі» құрылды

18 мамыр 2023 352 Оқу 1 минут

Жыл басында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Әр мекеменің өзіндік Әдеп кеңесі болады. Әр қызметкер әдеп этикасын сақтай отырып, жұмыс істейді. Мен осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Әдеп кеңесін құру туралы шешім қабылдадым» деп ҚМДБ имамдарының қызметтік міндеттерін кәсіби әрі жауапкершілікпен атқаруы мен діни қызмет барысында әдеп ережелеріне сай қызмет етуін жүйелеу мақсатында «Әдеп кеңесін» құрды және де ҚМДБ-ның басқа өңірлердегі өкілдіктерінде аталған «Әдеп кеңесін» құруды тапсырған болатын.

Осыған орай, Ақтөбе облысының Бас имамы Серкжан Еншібайұлы Ақтөбе облысына қарасты қала, аудан имамдарына онлайн форматта жиналыс өткізіп, ҚМДБ «Мешіт имамдарының қызметтік әдебі» құжатын таныстырып, бірқатар тапсырмалар берді. Жиын соңында Ақтөбе имамдарының қызметтік әдебі мен міндеттерін бақылайтын комиссия мүшелерін бекітіп, «Әдеп кеңесін» құрды.

Кеңес – діни қызметкердің дін мен діни басқарма мүддесін қорғауға, өз қызметтік міндеттерін әділ әрі жауапкершілікпен атқаруға, кәсіби біліктілігін ұдайы арттырып отыруға тағы басқа да діни қызметтегі әдеп пен этиканы сақтауын қамтамасыз етеді. 

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі