«Рамазан— тақуалық пен сабырлық айы» атты рухани кеш ұйымдастырылды 4310

«Рамазан— тақуалық пен сабырлық айы» атты рухани кеш ұйымдастырылды

11 наурыз 2025 25 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айына арналған жоспарына сай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығында іс-шара өтті. 

«Рамазан— тақуалық пен сабырлық айы» атты рухани кеште нәзік жандыларға қасиетті айдың құндылығын мейлінше тереңірек жеткізу үшін арнайы көрініс қойып, ұстаздар тарапынан тақырып аясында уағыз айтты.

Одан өзге рухани кешке Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Қошқарова, РАТТ мүшелері, «Бақытжан» мешітінің ұстаздары Ақтолқын Тажикова мен Анар Қойшығұлова және РАТТ мүшесі, Бақытжан мешітінің ұстазы Ақтолқын Тажикова және «Қайырқожа» мешітінің ұстазы Жұлдыз Алдаберген қатысып, жамағатқа насихаттарын айтып, дұға-тілектерін білдірді.

Сондай-ақ көрермендерге түрлі қызықты ойындар ойнатылып, балаларға «Рамазан қоржыны» сыйлықтары табысталды. Белсенді қатысушыларға Рамазанға қатысты сұрақ қамтылған кітаптар таратылды.

Аталған шараға 70 жуық адам қатысып, рухани ілімнен сусындады.

Ақтөбе облыстық  орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі