Жазғы сауат ашу курсының шәкірттері кинотеатрға барды
Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторы мен «Шырайлым» қыз-келіншектер клубының белсенді мүшелерінің ұйымдастыруымен облыстық “Нұр Ғасыр” мешітінде балаларға арналған жазғы сауат ашу курсының шәкірттері кинотеатрға барды.
"Папасының қызы" атта кинокөрсетілім балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың ой-өрісін кеңейтіп, жаңа әсерлер мен пайдалы тағылымдар алуына мүмкіндік берді. Кино әлеміне жасалған бұл сапар балалардың танымдық қызығушылығын арттырып, демалыс уақытын мазмұнды өткізуге жол ашты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































