Ойыл: Облыстың Бас имамы аудандық орталық кітапханаға барды 3710

Ойыл: Облыстың Бас имамы аудандық орталық кітапханаға барды

21 қыркүйек 2024 300 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев арнайы жұмыс сапарымен Ойыл ауданына барғанда Ойыл аудандық орталық кітапханасына барды.

Кездесу барысында облыстың Бас имамы аудандық кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысты.

Сонымен қатар Амантай Әбілдәұлы: «Кітап – біздің сан ғасырлық тарихымыздың құнды жәдігері. Ал кітапхана халықтың ең сүйікті, қасиетті, қастерлі үйі. Заман озып, технология дәуірі қанша қарыштап дамыса да кітап пен кітапхананың орны қашан да ерек», -дей келе, кітапхана — мәдени-ағартушылық ғимарат екендігін айтып, кітапхана қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тілеп, мүфтият баспасынан шыққан кітаптарды сыйға тарту етті.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі