«Қош келдің, Рамазан!» атты білім сайысы өтті 3278

«Қош келдің, Рамазан!» атты білім сайысы өтті

17 наурыз 2024 156 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубайдың ұйымдастыруымен әйел жамағатының арасында Рамазан айының құрметіне орай «Қош келдің, Рамазан!» тақырыбында «Ораза» бабынан сайыс өтті.

Әуелі «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай Рамазан айының маңыздылығына тоқталып, жамағатқа қасиетті айдың ерекшеліктерін айтты.

Сайыс барысында Рамазан айына қатысты викториналық сұрақтар, сөзжұмбақ және логикалық тапсырмалар берілді.

Жарыс қорытындысы бойынша 1 - орынды «Әс-Сәләм» командасы жеңіп алды. Ал, 2 – орынға «Кәусар» командасы, 3 - орынға «Ясин» командасы ие болып, қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі