«Әке мирасы — тәрбие» атты рухани шара өтті
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің әйелдер орталығында «Ислам және отбасы құндылығы» аясында отбасыдағы береке мен бірлікті насихаттай отырып, оның іргетасының мықты болуына ықпал ету мақсатында іс-шара өтті.
«Әке мирасы — тәрбие» атты рухани шараға ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова, Қобда мешітінің ұстазы Баян Мергенғалиқызы, РАТТ мүшесі, қалалық «Бақытжан» мешітінің ұстазы Ақтолқын Тажикова мен аталған мешіттің ұстазы Назерке Елшібекова арнайы қонақ болып, қатысты.
Рухани кеште ұстаздар әкенің шаңырақтағы орны мен оның маңыздылығын, ұл мен қыз тәрбиесіндегі берері мен артықшылықтарын кеңінен түсіндіріп өтті.
Шараны ұйымдастырушы, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы, қари Гүлжайнар Мұсақызы әке туралы Құран аясында насихат айтты. Ал шәкірттер тарапынан әке мектебі туралы көрініс қойылды.
Қатысушылар тарапынан ұстаздар қауымына сауалдар қойылып, тұщымды жауаптар беріллі.
Айта кетейік, іс-шараға 50-ге жуық қыз-келіншектер қатысты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі