Әйел жамағаты «Нұр Ғасыр» мешітіне электр самаурын сыйлады 1050

Әйел жамағаты «Нұр Ғасыр» мешітіне электр самаурын сыйлады

01 қараша 2021 181 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарованың ұйымдастыруымен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітіне әйел жамағаты 16 литрлік электр самаурын сыйлады.

Электр самаурын – мешіт жанында қайырымдылық жәрмеңкесін өткізгенде ең қажетті құралдың бірі. Алдағы уақытта Әйел-қыздар секторы электр самаурынды пайдалану арқылы жұма намазына келген жамағатқа шай, кофе ұсынатын болады.

Алла Тағала: «Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» (Әли Имран, 110) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған. Осыны негізге алған әйел жамағатына ризашылығымызды білдіріп, еңбектеріне береке, отбасыларына амандық тілейміз!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі