Қобда: «Бір айда бір кітап» жобасы жүзеге асты
Қобда аудандық «Шәріп Молда» мешітінде «Ихсан және насихат» бағыты бойынша ұстаз Баян Мергенғалиқызының ұйымдастырумен кітап оқу жобасы аясында әр айда бір кітап оқу жүйеге қойылды.
Кітап оқу жобасының мақсаты - әйелдер жамағатының білімін және тақуалығын арттыру.
Әйелдер жамағаты арасында Шағбан айында «Мінсіз Мұхаммед» кітабы оқылып талқыланды. Пайғамбармыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) толық бет келбеті қандай болғаны туралы ақпарат білді.
«Мінсіз Мұхаммед» кітап бойынша сұрақтар қойылып жауап берген жандарға сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі