Облыстық  "Нұр Ғасыр" мешітінде Арман ұстаз уағыз айтты 2325

Облыстық "Нұр Ғасыр" мешітінде Арман ұстаз уағыз айтты

19 желтоқсан 2022 226 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық  "Нұр Ғасыр" мешітіне облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен, ҚМДБ Ақтөбе облысындағы 2022 жылдың жоспарына сәйкес, "Ислам –  ынтымақ пен бірлік діні жылы" аясында РАНТ мүшесі, ұстаз Арман Қуанышбаев келді. 

Аталған кездесуде құптан намазына жиналған жамағаттың көптігінен ине жаншар жер болмады.  

РАНТ мүшесі кездесу барысында ризық несібенің мол болуы – Алланың кешіріміне байланысты екендігіне жіті тоқталды. Сонымен қатар ұстаз "Ұрпақ тәрбиесі –  ұлт болашағы" және "Бірлік пен бейбітшілік – біздің ортақ мүддеміз!" тақырыбында уағыз-насихат айтты. 

"Қасиетті Құран Кәрімде: "Алла бүлік шығарушыларды сүймейді" ("Мәйдә" сүресі, 64-аят) делінген. Шындығында, ислам – мейірім, сыпайылық, көркемдік және бірлік діні.

"Мұсылман қоғамынан бір қарыс болса да бөлінушілікке түскен кісі – мойнындағы ислам жібін үзгенмен тең" (Тирмизи, Әдеп 78).Жаратушы Алла Тағала қоғамның тыныштығын бұзатын бүлік пен іріткі салушылыққа қатаң түрде тыйым салады", -деді ұстаз. 

Айта кетсек, аталған кездесуге 3000-нан астам адам қатысты.  

Одан өзге Арман Қуанышбаевтың Ақтөбе облысындағы іс-сапары Темір ауданында жалғасын тапты. 

Ақтөбе облыстық  орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі