Мешіт қызметкерлері марапатталды 2324

Мешіт қызметкерлері марапатталды

19 желтоқсан 2022 185 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешініде жыл бойы атқарылған қызметтер барысы қортындыланып, қызметкерлер марапатталды.

Құлшылық үйінде жұмыс жасайтын әр қызметкердің орны ерекше. Себебі, мешіт қоғамдық орта болғандықтан түрлі мәселе мен сауалдар бойынша шешім сұрап келетін жандар жетерлік. Әрбір келушіге сабырмен әрі жауапкершілікпен қарым-қатынас жасау оңай іс емес. Осы тұста мешіт қызметкерлерінің еңбегі орасан. Мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы барша ұжымды атқарған қызметтеріне орай:

«Жаратушының есімі ұлықталып, асыл дініміз насихатталатын құлшылық ордасында тынбай атқарып келе жатқан елеулі еңбегіңіз бен айрықша қызметіңіз үшін ерекше алғыс білдіремін!

Риясыз жасалып жатқан әр ісіңізге мол сауаптан жазылып, Рахман Иеміз разы болғай!

Алла Тағала отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, ісіңізге береке берсін!» деп марапаттап, сый-сияпат тарту етті.

Сондай-ақ, барша ұжымға алғыс дастарханы жайылды.