«АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ҚҰЖАТЫ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО) 409

«АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ҚҰЖАТЫ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

11 желтоқсан 2020 175 Оқу 1 минут

Бүгін елордада өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында «Ас беру мәдениеті» құжаты қабылданды.

Форумда аталған құжатты жан-жақты таныстырып, баяндама жасаған наиб мүфти Ершат Оңғаров: «Аталған құжат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің бірнеше мәжілісінде талқыланып, бекітілгенін баса айтып кеткім келеді. Бұл құжатты қабылдаудағы негізгі мақсат – еліміздің барлық аймағы бойынша құдайы астарды шариғат шеңберінде, салт-дәстүр аясында өткізу. Сонымен қатар, кейбір отбасылардың әлеуметтік жағдайына салмақ салмайтын, ысырапқа жол бермейтін ас беру мәдениетін қалыптастыру және оны насихаттау.

Құжатта құдайы ас берудің тарихи мәні, анықтамасы, дін мен дәстүрдегі орны, өзектілігі жан-жақты сараланып, тәптіштеп түсіндірілді. Қолыңыздағы құжатта құдайы ас беру мәдениетінің негізгі жеті тірегі ұсынылды. Жеті тірек ішінде шынайы ниет ету, құдайы асқа жиналу, Құран оқу, бата беру және дұға жасау, ысырапқа жол бермеу, құдайы аста уағыз-насихат айту, марқұмды еске алу және қаралы отбасын жұбату, құдайы аста қарапайымдылықты сақтау сынды  тақырыпшалар қамтылды» деп атап өтті.

Сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткерлері – Мырзатай Жолдасбеков, Әділ Ахметов құжат туралы пікір білдіріп, ойларын ортаға салды.