Облыстық мешіттің наиб-ұстаздары аудандарға іс-сапармен барды 6272

Облыстық мешіттің наиб-ұстаздары аудандарға іс-сапармен барды

12 сәуір 2026 34 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамдары мен ұстаздары Жексенбай Торбаев, Мәжит Әбішев, Аймырза Досбол және Талғат Аманов қасиетті жұма күні арнайы Ақтөбе облысына қарасты аудандарға іс-сапармен барды. Іс-сапар барысында Қобда, Мәртөк және Темір аудандарындағы мешіттер мен асханалардың тыныс-тіршілігімен танысып, жергілікті жамағатпен жүздесті. Аудан және ауыл имамдарына әдістемелік көмек көрсетіп, жамағатқа жұма уағызын айтты.

Сондай-ақ Қобда ауданы, Талдысай ауылдық мешітінің молдасы Отарбаев Даниярды қызметінен ауыстырып, Қобда ауданы, Егіндібұлақ ауылы “Бақыт-Ана” мешітіне имам қызметіне тағайындалуына байланысты Бас мүфтидің бұйрығын оқып беріп, жамағатқа таныстырды.