ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ ШАЛҚАРДЫҢ ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Шалқар ауданына жұмыс сапарымен барған Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев жергілікті жамағатпен кездесті.
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов және Мұғалжар ауданының Бас имамы Мұхаммедисмаил Шадман жұмыс сапарымен Шалқар ауданына барып, бірқатар уағыз-насихат шараларын өтті.
Сапар барысында Амантай Садиев жамағатқа рухани бағыт-бағдар беру және дін қызметін арттыруға ерекше көңіл бөлді.
Құптан намазына жиналған жамағатпен кездесуде Облыстың Бас имамы Шалқар қаласындағы «Тәубе» мешітінде мұсылман адамның құлшылықтағы ықыласы мен хушуғ жайында насихат айтты. Уағыздан кейін жамағатпен бірге құптан намазын оқып, елдің амандығы үшін дұға жасады.
Сонымен қатар облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде «Бақытты отбасы — дәстүр құндылығы» тақырыбында уағыз жүргізді. Ал Мұғалжар ауданының Бас имамы Мұхаммедисмаил Шадман Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінде білімнің маңыздылығына тоқталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі












































