Хромтау: Бас имам студенттермен кездесті 5894

Хромтау: Бас имам студенттермен кездесті

06 ақпан 2026 22 Оқу 1 минут

«Ислам және адал қоғам» жылы аясында жат діни ағымдардан сақтандыру бағытында Хромтау аудандық Бас имамы Марал Иманғали аудандық дін істері орталығының басшысы Досхан Бегімбетовпен бірге Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің студенттер жатақханасында кездесу өткізді.

Кездесу барысында жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттау мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, жат діни ағымдардың алдын алу, олардың белгілері мен қоғамға тигізетін кері әсері жөнінде нақты мысалдар келтіріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиынға қатысқан студенттерге дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың маңыздылығы, зайырлы қоғам талаптарына сай өмір сүру, заң мен тәртіпті сақтау, өз болашағына жауапкершілікпен қарау жөнінде кеңестер берілді.

Кездесу соңында жастар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, дін саласындағы мамандардан нақты әрі тұшымды жауаптар алды.