ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ КЕЗЕКТІ ПӘТУАЛАР ҚАБЫЛДАНДЫ 5466

ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ КЕЗЕКТІ ПӘТУАЛАР ҚАБЫЛДАНДЫ

28 мамыр 2025 2 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Алматы қаласында өткен Ғұламалар кеңесінің 45-мәжілісінде бірқатар пәтуалар қабылданды.

Мәжіліс барысында «Киберсквоттингпен айналысудың үкімі», «Киберспортпен шұғылданудың үкімі», «Коллагенді қолданудың үкімі» тақырыбында әзірленген пәтуалардың мазмұны талқыланып, қабылданды. Сондай-ақ «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі)», «Қазақ даласындағы отбасы құндылығы тұғырнамасы» сынды құжаттардың мазмұны бекітілді.

Мәжілісте қабылданған пәтуалардың мәтіні ҚМДБ-ның ресми масс-медиасында жарияланады.