Қобда: Отан – отбасынан басталады 3793

Қобда: Отан – отбасынан басталады

07 қазан 2024 101 Оқу 1 минут

Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінде Отбасы күніне орай «Отан – отбасынан басталады» атты шара өтіп, оны мешіт ұстазы Мустахап Баян жүргізді.

Аталған шара барысында сайыстар ұйымдастырылды.

«Отбасы күні — бұл еліміздегі басты мерекелердің бірі. Халқымыз «Отан – отбасынан басталады»,-деп бекер айтпаған. Мемлекетіміздің мықты болуы — отбасылардағы береке-бірлікке, тақуалыққа, өзара түсіністікке тығыз байланысты. Себебі, отбасы құндылығы берекемен, махаббатпен, сеніммен өлшенеді»,-деді мешіт ұстазы.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі