«Зекет — бес парыздың бірі» атты Ақтөбе имамдарына семинар өтті 4658

«Зекет — бес парыздың бірі» атты Ақтөбе имамдарына семинар өтті

04 шілде 2025 95 Оқу 1 минут

РАНТ мүшесі, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Ақтөбе облысына арнайы іс сапармен келді.

Аталған жұмыс сапары барысында РАНТ мүшесі «Зекет — бес парыздың бірі» атты Ақтөбе имамдарына семинар өтті. Мұсылман қауымы үшін бес парыздың бірі — зекеттің мағынасы, оны жұмсаудың үкімі туралы кеңінен ақпарат берді.

Сонымен қатар «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры имамдардың қойған әр сауалына жіті талдап, жауап берді.

Одан өзге зекет бергенде адамдар арасында сүйіспеншілік орнайды, адам нәпсісін тазартады, адамның мал дүниесіне береке кіреді, үлкен сауапқа кенелетіндігі туралы айтылды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі